Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері мейрамханада даяшы болып жүр (видео)
Қытайлық гимнаст Яцинь Чжоу Париж Олимпиадасындағы жетістігінен кейін елге оралып, даяшы болып қызмет етіп ата-анасына көмектесіп жүр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Яцинь Чжоу Париж Олимпиадасында бөрене снарядында 14.100 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болған. Әлеуметтік желіде Яцинь Чжоудың мейрамханада қонақтарға қызмет көрсетіп жүрген видеосы тарады.
Париж Олимпиадасынан кейін 18 жастағы Яцинь Чжоу туған қаласы Хэнъянға оралып, ата-анасының шағын мейрамханасында даяшы болып көмектесіп жүр. Сондай-ақ Яцинь Чжоу Париж Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілген италиялық спортшылардың медаль тістегеніне қарап ерекше реакция білдіргені көпшілікті тәнті еткен болатын.
Айта кетейік, Яцинь Чжоу бөрене снарядында 14.100 ұпай жинап, күміс жүлде еншілеген. Ал осы сайыста италиялық Аличе Д’Амато 14.366 ұпай жинақтап, Олимпиада чемпионы атанса, екінші италиялық спортшы Манила Эспозито (14.000) қола жүлдеге қол жеткізді.
Remember that cute Chinese gymnast Zhou Yaqin?
— ShanghaiPanda (@thinking_panda) August 13, 2024
After winning the Olympic silver medal, she has returned to her parents' home for a vacation.
Of course, you can't call it a vacation.
Because she needs to help work in the restaurant run by her parents.pic.twitter.com/MNy7rHLvh2 pic.twitter.com/r15StYuJTO