«Спартак М» - «Ахмат». Самородов Қазақстан құрамасының бұрыңғы бапкерін құтқара ала ма?

«Спартак М» - «Ахмат». Самородов Қазақстан құрамасының бұрыңғы бапкерін құтқара ала ма?

11 тамызда Ресей Премьер-лигасының төртінші туры аясында мәскеулік «Спартак» өз алаңында грозныйлық «Ахматты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz

Букмекерлік кеңсе Tennisi.kz жаңа пайдаланушыларға алғашқы үш депозитке "PROSPORTS" промокоды бойынша 250 000 теңгеге дейін көтерілген бонус дайындады.

Қазақстан құрамасының бұрыңғы бас бапкері Магомед Әдиев баптайтын, ұлттық құрамамыздың футболшысы Максим Самородов доп тебетін «Ахматтың» жағдайы мүшкіл. Осы ойында ұпай ала алмаса, басшылық бас бапкерді жұмыстан қуу туралы шешім қабылдауы да мүмкін. Чемпионаттың алғашқы үш турында команда екі ұпай ғана еншілеп, өз қақпасына алты доп жіберді. Үш матчта бір доп қана соқты. Шабуылы голға жұтаң команда сапында бүгін Максим алғашқы матчын өткізуі мүмкін. Әдиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінде жүрген кезде де 22 жастағы Ақтөбе тумасына толық сенетінін айтқан еді. Магомедтің «Ахматтан» кетпегіні Максимге де тиімді. Келесі бапкер кім болады, қандай футбол қояды, ол футболда Самородовқа орын бола ма деген күмән көп. 

Қарсылас «Спартактың» көшу түзу. Бірінші турда қонақта «Орынбордан» ұтылып қалғаннан кейін, әйгілі Деян Станковичтің шәкірттері келесі екі матчта алты ұпай алып, алты гол соғып тастады. Өткен турда өз алаңында «Крылья Советов» командасын тас-талқан етті. Мәскеуде аутсайдер аямайтынын аңғартты. 

Tennisi.kz бұл матчта алаң қожайындарын айқын фаворит көріп отыр. «Спартактың» жеңісіне 1.59 коэффициент, тең нәтижеге 4.50 коэффициент, «Ахматтың» жеңісіне 5.70 коэффициент берілген. 

Екі команданың Мәскеудегі соңғы өзара екі ойыны 0:0 есебімен аяқталыпты. Грозныйлықтар Мәскеуде «Спартакқа» ыңғайсыз қарсылас көрінеді. Десек те, «Ахмат» қазіргі күйімен желпініп тұрған «Спартакты» тоқтатады деу қиын. Үш турда «Ахмат» орташа есеппен өз қақпасына екі голдан өткізіп алған. Сондықтан, бабында тұрған «Спартак» та Магомед Әдиев шәкірттерінің қақпасына кемі екі гол соғуы мүмкін. Бұл нәтижеге Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі 1.60 коэффициент беріп тұр. 

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или