Шымкент тумасы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді
Қазақстандық файтер Николай Веретенников(12-4) UFC промоушеніндегі бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
АҚШ-та бірнеше жылдан бері тұратын, Fury FC чемпионы және UFL Гран-принің жеңімпазы 35 жастағы Шымкент тумасы Дана Уайттан UFC-ге екі апта бұрын ғана шақырту алған еді.
Лас-Вегастағы UFC on ESPN 61 турнирінде отандасымыз жеңіліс дәмін татпаған америкалық Дэнни Барлоумен (8-0) кездесті.
Үш раундқа жекпе-жектің тағдырын төрешілер шешті. Нәтижесінде екі қазы Дэнниді жеңімпаз деп санаса, бір төреші Николайға жеңісті берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или