«Астана» шабандозы Францияда ерекше жетістікке қол жеткізді
Бүгін «Тур де Франс» веложарысының 5-ші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана» велошабандозы Марк Кавендиш бұл кезеңде топ жарды. Alpecin - Deceuninck командасынан бельгиялық Джаспер Филиппсен екінші, Uno-X Mobility командасындағы норвегиялық велошабандоз Александр Кристофф үшінші болып мәреге жетті.
Осылайша Марк Кавендиш «Тур де Франстың» 35-ші кезеңінде жеңіске жетті.
«Тур де Франс». 5-ші кезең. Сент-Жан-де-Мориен - Сент-Вульбас (177,4 км)
1. Марк Кавендиш («Астана») - 4:08:46
2. Яспер Филипсен (Alpecin - Deceuninck)
3. Александр Кристофф (Uno-X Mobility)
Жалпы есеп:
1. Тадей Погачар (UAE Team Emirates) — 23:15:24
2. Ремко Эвенепул (Soudal Quick-Step) +0:45
3. Йонас Вингегор (Team Visma | Lease a Bike) - +0:50
...65. Харольд Техада («Астана») - +39:49