русский язык
Басқа

Наргиза Болатова: Күн сайынғы тынымсыз жаттығулар өз жемісін беруде

Наргиза Болатова: Күн сайынғы тынымсыз жаттығулар өз жемісін беруде
news-banner7
mobile-news-top

Франция астанасы Парижде өткен әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жеңімпаз атанды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген Наргиза аталған турнирдің маңыздылығына тоқталды.

Естеріңізде болса, Париждегі әлем кубогі кезеңінде Ким мен Болатова жұбы техникалық бағдарламада жеңіске жеткен болатын.

"Әлем кубогінің барлық кезеңі Олимпиада қарсаңында өткізілгендіктен, командалар тек жеңіс үшін келеді. Бәрі де мықты, бәрі де жақсы өнер көрсетіп, лицензиялық ұпай алғысы келеді.

Париждегі жарыс олимпиадалық бассейнде өтті. Яғни, жарыс қарсаңындағы бақылау десек те болады. Бұл бәсекеге Қытай құрамасы ғана қатысқан жоқ. Қалғандары түгел жиналды.

Біз өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге тырыстық. Техникамыз бен шеберлігімізді барынша паш еттік. Күн сайын бірнеше сағатқа созылатын жаттығулар өз жемісін беруде. Одан бөлек, біз жаттығатын базада барлық жағдай жасалған. Бұл да жеңістің бір бөлшегі екенін ұмытпау керек.

Әлем кубогінің келесі кезеңі 31 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Елге оралып, олимпиадалық дайындық базасында жаттығуды қайта жалғастырамыз.

Мінез бен тәртіп, еңбек пен тынымсыз жаттығу, жаттығу кезінде әрбір детальға мән беру, бапкерлердің қырағылығы - міне, осының бәрі жақсы нәтижеге алып келеді", - дейді Наргиза Болатова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;