Щучинскіде шаңғымен жүгіруден Қазақстан чемпионаты аяқталды

Щучинскіде шаңғымен жүгіруден Қазақстан чемпионаты аяқталды

Щучинскіде шаңғымен жарысудан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Соңғы жарыс күнінде эстафета аяқталды.

Ерлер арасындағы жарыста Ақмола спортшылары жеңіске жетті. Екінші және үшінші орында - Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары. Әйелдер тобында Ақмола облысының шаңғышылары көшбасшы атанды. Тұғырдың екінші және үшінші сатысына Ақмола қыздарының тағы бір командасы және Қостанай өңірінің өкілдері жайғасты.

Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есептің көшбасшылары да атап өтілді. Бірінші орында Ақмола облысы, екінші орында қостанайлықтар, үшінші орында Абай облысы.

Естеріңізге сала кетсек, шаңғы жарысы бойынша ҚР Чемпионаты 18-28 наурыз аралығында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен спортшылар қатысты.

Республикалық біріншілік аясында спринт, еркін жарыс, эстафета өткізілген болатын. Сондай-ақ, спортшылар скиатлон және масс-стартта бақ сынасты. Бұл жарыстар Халықаралық шаңғы федерациясының қолдауымен өтті және де Шығыс Еуропа кубогының бағдарламасына кірді.

ҚР Чемпионаты 2023-2024 жылдағы қысқы жарыс маусымының соңғы бастамасы болды. Алдағы уақытта спортшыларды демалыс кезеңі мен Олимпиада алдындағы маусымға жазғы дайындық күтуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или