Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Қуаныш» «Тұранды» ұтты
Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ ҚР чемпионаты соңғы, төртінші турының ойындары басталды.
Бастапқы күні орталық кездесу көш бастап келе жатқан «Қуаныш» (СҚО) пен үшінші орындағы «Тұранның» (Түркістан) арасында өтті.
Өте тартысты кездесуде солтүстікқазақстандықтар 3:2 (30:32, 25:20, 25:18, 22:25, 15:13) есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ «Жетісу» «Алматы» командасын 3:0 (25:18, 25:22, 25:18) есебімен тізе бүктірді.
«Қарағанды» «Ертістен» айласын асырды – 3:1 (25:17, 19:25, 25:16, 25:16).
Өскеменнің «Берелі» жерлестері – «Алтайды» оңай жеңді – 3:0 (25:11, 25:6, 25:16).
Турнир кестесінде «Қуаныш» 49 ұпаймен алда тұрса, «Берел» (46 ұпай) екінші, «Тұран» (44 ұпай) үшінші, «Жетісу» (43 ұпай) төртінші орында келеді.
Төртінші тур 27 ақпанда мәресіне жетіп, плей-офф бәсекесіне жолдама алған 8 команда анықталады.