IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасы мәресіне жетті: Қазақстан құрамасы 20-орынға ие болды

IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасы мәресіне жетті: Қазақстан құрамасы 20-орынға ие болды
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. Youth Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің көк Туын Берік Боранбаев пен Мерей Тастемір ұстап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірімдердің ақ қар, көк мұз үстіндегі аламанында Қазақстан құрамасының 41 өкілі 5 спорт түрінің 9 бағдарламасы бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 1 алтын, 2 қола медаль олжалап, жасөспірімдер олимпиадасы тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Нәтижесінде жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте 20-орынға ие болды.

Канвон-2024

Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

 

Канвон төріндегі Олимпиадада шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных 214 ұпай жинап, Қазақстан құрамасының қоржынына жасөпірімдер олимпиадасы тарихындағы алғашқы алтынды сыйласа, шорт-трекші Полина Омельчук пен шайбалы хоккейден (3×3) ұлттық құрама ойыншылары қола жүлдегер атанды. Хоккейшілеріміз қола жүлде үшін өткен тартысты матчта Аустрия құрамасынан 6:5 есебімен басым түсті.

Канвон-2024

Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан спортшылары үш қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысып, 5 медаль жеңіп алған болатын. 2012 жылғы Инсбруктегі (Аустрия) Олимпиадада отандастарымыз 1 күміс, 2 қола олжаласа, Лиллехаммерде (Норвегия) екі қоламен шектелген еді. Осыдан 4 жыл бұрын Лозаннада (Швейцария) өткен ойындарда өкінішке қарай, құрама қоржыны бос қайтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или