Екі ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алады

Екі ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алады
Ресейлік спортшылар Кристина Силаева мен Елизавета Голубева конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кеше Ресей конькишілер одағы жиналыс өткізіп, Кристина Силаева мен Елизавета Голубеваны Қазақстан құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді Одақтың атқарушы комитеті Қазақстанның Ұлттық коньки тебу федерациясының өтініші негізінде қабылдады», - деп жазды ресми сайт.

Атқару комитеті ресейлік спортшыларға 24 айлық карантин енгізуге бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды Одақтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін 26 жастағы ресейлік конькиші Елизавета Голубева Қазақстан құрамасының сапында бақ сынауға бел буған болатын. 23 жастағы Кристина Силаева да осындай шешім қабылдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или