Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясында 20-орын алды
8 қыркүйекте Ыстамбұлда мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңінде қыздар еркін бағдарламаларын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші орынды Ами Накай (Жапония) жеңіп алды. Оның отандасы Рена Уезоно екінші орын алды. Ю Джэ Ким (Оңтүстік Корея) үшінші орынға көтерілді.
Қазақстандық Екатерина Балюба еркін бағдарлама бойынша 63,41 ұпай жинап, 22-орынға орналасты. Екі бағдарламаның есебі: 105,62.
Жасөспірімдер арасындағы Гран-при 3-кезең
Ыстамбұл,
Түркия қыздар
Еркін бағдарлама
1. Ами Накай (Жапония) – 127,58
2. Рена Уезоно (Жапония) – 124.07
3. Элис Лин-Грэйси (АҚШ) – 119,41 ...22. Екатерина Балюба (Қазақстан) – 63,41
Соңғы позиция
1. Ами Накай (Жапония) – 194,65
2. Рена Уезоно (Жапония) – 187,71 3. Ю Джэ Ким (Оңтүстік Корея) – 183,65
...20. Екатерина Балюба (Қазақстан) – 105,62