Мәдениет және спорт министрі Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрі Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді

<span>Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ауыр атлет Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсауы туралы айтты, деп хабарлайды </span>Prosports.kz<span> </span>сайты<span> </span>Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

«Біріншіден, әрине, бұл көрнекті спортшы екенін айтқым келеді, соның арқасында еліміздің туы бірнеше рет Олимп шыңында тұрған.

Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлердегі тамаша нәтиже көрсету – бұл біздің ауыратлетиканың ғана емес, жалпы қазақстандық спорттың тарихында қалары сөзсіз.

Көрнекті спортшының барлық туған-туысы мен жақынына көңіл айтамын!

Қазір құзырлы органдар бұл мәселені тексеріп жатыр. Біз тағы да көңіл айтамыз. Құзырлы органдардың сараптамасынан кейін толық ақпарат беріледі», - деді министр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или