Алматыда жеңіл атлетикадан жазғы спартакиада аяқталды
Алматы қаласында жеңіл атлетикадан жазғы спартакиада аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
4 жылда бір өтетін байрақты бәсекеге барлық аймақтан 300-ге жуық қатысушы жиналды. Олар 3 күн бойы өзара сынға түсті. Нәтижесінде жалпы есепте Шығыс Қазақстан облысының құрамасы топ бастады. Олар 16 алтын, 4 күміс және 5 қола жеңіп алды. Үздік үштікке Қарағанды мен Алматының командалары кірді. Атап айтар болсақ, 100 метрге жүгіруде Виталий Земс пен Ольга Сафронова, 400 метрде Ефим Тарасов пен Александра Залубовская, орта және алыс қашықтықтарда Рахымжан Келманов, Сергей Сухов, Ақбаян Нұрмамет сияқтылар жеңімпаз атанды.
Спартакиада аясында жүгірістен бөлек, кедергілермен жүгіру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, диск лақтыру, найза лақтыру және спорттық жүріс, сонымен қатар жетісайыс пен онсайыс бойынша да жарыстар ұйымдастырылды.
Дмитрий Карпов, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
- Спартакиада қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады. Кейін олар шілде айында Таиландта өтетін Азия чемпионатына қатысады. Артынша көп ұзамай, яғни 19 және 27 тамыз аралығында Будапештте әлем чемпионаты болады. Жылдың қорытынды және ең басты жарысы күзде Қытайда ұйымадстырылады. Яғни, Жазғы Азия ойындарына да дайындықты қазірден бастап пысықтаймыз.