«Астана» шабандозы «Дюнкерктің төрт күні» веложарысында үшінші орын алды
Бүгін «Дюнкерктің төрт күні» тас жол веложарысының соңғы, алтыншы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кезеңде франциялық шабандоз Ромен Грегуар (Groupama – FDJ) топ жарды.
Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені нидерландылық Кес Бол көрсетті, ол мәреге алтыныш болып келді.
Сондай-ақ Бол жалпы есепте үшінші орынға ие болды.
«Дюнкерктің төрт күні». Алтыншы кезең. Авион - Дюнкерк (182.6 км)
1. Ромен Грегуар (Groupama – FDJ) - 3:59:05
2. Итан Вернон (Soudal - Quick Step) - ,,
3. Бенуа Конфруа (AG2R Citroën Team) - ,,
…6. Кес Бол («Астана») - ,,
Жалпы есеп:
1. Самюэль Леру (Van Rysel - Roubaix Lille Métropole) - 8:30:32
2. Олав Коой (Jumbo-Visma) – 0:01
3. Кес Бол («Астана») - ,,
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или