Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мансабын аяқтады
Олимпиада чемпионы әрі бірнеше дүркін Олимпиада жүлдегері, отандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіпқой мансабын ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты qazathletics.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол <span> жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия чемпионаты кезінде мәлімдеді.</span>
«Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған СЕНІМДЕРІ үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын», - деді спортшы.
Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Премьер-Министрі спортшыға алхыс хат жолдады.
«Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі қалады. Біз сіздің спортқа және принциптерге деген адалдығыңызды бағалаймыз. Ел бойынша мыңдаған бала сізден үлгі алады және отандық жеңіл атлетика дәстүрін жалғастырады. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Құрметпен, ҚР Премьер Министрі Алихан Смаилов.»
Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.
Рыпакова – 2012 жылы Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2008 жылы Бейжіңде күміс, 2016 жылы Риода қола медаль алған.