Қазақстандық спортшы жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
Қазақстан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Астанада басталған құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшы Каролин Чепкоеч Кипкируй жеңімпаз атанды.
Ол 3000 метрге жүгіруде бәрін басып озды. Ол бұл қашықтықты 9:01,98 секундта бағындырды. «Күміс» қытайлық Уга Хэдің еншісіне кетсе, «қола» жапониялық Юма Ямамотоға бұйырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или