«Азия чемпионаты маңызды». Маунтинбайктен ұлттық құрама әлем чемпионатына не үшін бармады
Маунтинбайктен Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Дымовских Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Шакир Әділовтің не үшін мансабын аяқтағанын, әйелдер құрамасындағы бәсекелестіктің әлсіздігін және халықаралық жарыстардар Азия шабандоздарының нәтижесі нашар екенін айтты.
- Ұлттық құраманың көшбасшысы Шакир Әділов мансабын аяқтаған соң Азия чемпионатында кімге басымдық беріледі?<br />- Әділов мансабын аяқтамай тұрып құрамада мықты шабандоздар болды. Соларға үміт артамыз. Олар Мұхамедиянов, Сергиенко мен Карасев.
- Әйелдер құрамасының деңгейі қандай?<br />- Қазіргі таңда әйелдер арасындағы бәсекелестік деңгейі әлсіз. Ұлттық құрамаға рейтинг ұпайын жинау үшін тағы бір шабандоз жетпейді.
- Жақында өткен әлем Кубогы мен әлем чемпионатына қатыспаудың себебі неде?<br />- Басында жарыс күнтізбесін түзгенде екі жарысқа қатысуды жоспарлағанбыз. Бірақ Азия чемпионатының өтетін уақытының нақтылануын күттік. Ұзақ уақыт бойы қайда өтетіні де белгісіз болды. Тек жақында ғана Кореяда өтетінін білдік. Командамызда бюджет үлкен емес. Екі жарысқа да қатысуға мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан Азия чемпионатына қатысу үшін күнтізбені қайта қарастырып шықтық.