Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Ауыр атлетикадан ҚР құрама командасының бас бапкерлері тағайындалды. Ерлер командасын Смаханов Нұржан Дәуренбекұлы, әйелдер командасын – Сивохин Иван Павлович басқарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Федерация ҰОК және Мәдениет және спорт комитетімен келісе отырып, Қазақстанның ұлттық құрамасын екі командаға-ерлер мен әйелдерге бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.

ҚР ААФ Бас хатшысы Алдияр Нұралинов:

– Бірінші кезекте Нұржан Дәуренбекұлын және Иван Павловичті тағайындалуымен құттықтағым келеді! Олардың екеуі де жоғары профильді мамандар, құрама командада жұмыс тәжірибесі бар, ең бастысы – нәтижелер бар!

Командалар биылғы жаңа жылда бірінші ОЖЖ кірісті. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты денсаулық жағдайымен барлық спортшылар толық қатыса алмады, бірақ біз 13 ақпанда басталатын екінші жиынға ұжымдар толық құрамда болады деп үміттенеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или