Шымкентте лауазым иелері спортшы балаларға бөлінген 36 млн теңгені жымқырған

Шымкентте лауазым иелері спортшы балаларға бөлінген 36 млн теңгені жымқырған

Шымкенттің шенеуніктері мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің тамағынан жырып, ақша жеген. 

Анығын айтқанда, спорттық жарыстарға дайындық кезінде балаларды тамақтандыруға бөлінген 36 млн теңгені жымқырған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы әдістемелік орталығының басшысы мен екі қызметкеріне және қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Олар спортшылардың қолын өздері қойып, арам ойларын жүзеге асырған. Сондай-ақ, тергеу барысында күдіктілер сөз байласу арқылы өздеріне оң шешім шығару үшін экономикалық тергеу департаментінің жедел қызметкерлеріне 6 млн теңге көлемінде пара бермек болған.

Әдістемелік орталық қызметкерлеріне 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шымкент қаласының прокуратурасында қаралуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или