УЕФА «Барселона», «Реал» және «Ювентусты» ЧЛ-ға қатысу құқығынан айырады

УЕФА «Барселона», «Реал» және «Ювентусты» ЧЛ-ға қатысу құқығынан айырады

УЕФА келесі маусымда «Барселона», «Реал» мен «Ювентусты» Суперлиганы ашуға қатысқаны үшін Чемпиондар лигасынан шеттетпекші, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шеттетуден бөлек, клубтарға ірі көлемде ақшалай айыппұл салынуы мүмкін. Егер санкциялар қолданылатын болса, онда бұл үш клуб Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) шағым түсіретіні атап өтілді.

Еске салайық, 12 команданың қатысуымен Суперлига 19 сәуірде құрылды, бірақ екі күннен кейін тоғыз клуб жарыстан бас тартатынын мәлімдеді. Тек «Барселона», «Реал» және «Ювентус» осы уақытқа дейін турнирден шығатындығын мәлімдеген жоқ.

7 мамырда УЕФА Суперлиганың бұрынғы қатысушыларына жазалау туралы шешім қабылдады. Тоғыз клубтың әрқайсысы бүкіл Еуропада футболды дамыту үшін 15 миллион еуро қайырымдылық жарнасын төлейді. Сондай-ақ, клубтар бір маусымда УЕФА қанатының астындағы клубтық жарыстарға қатысудан түскен кірістің 5% -ын өтемақы ретінде қайтаруға міндеттеме алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или