«Умардың өзі емес, фамилиясы фаворит». Қазақстандық файтер Морозов-Нурмагомедов жекпе-жегі жайлы ойын айтты

«Умардың өзі емес, фамилиясы фаворит». Қазақстандық файтер Морозов-Нурмагомедов жекпе-жегі жайлы ойын айтты

20 қаңтарда қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) UFC-дегі алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы - ресейлік Умар Нурмагомедов, деп жазады Prosports.kz.

Әу баста бұл жекпе-жек 24 қаңтардағы UFC 257 турнирі аясында өтеді деп жоспарланған. Алайда соңғы сәтте ұйымдастырушылар Морозов-Нурмагомедов жекпе-жегінің уақытын өзгертті.

Айта кетерлігі, UFC 257 турнирінде тағы бір жерлесіміз Жалғас Жұмағұлов америкалық промоушен туы астындағы екінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы - швед спортшысы Амир Албази.

Prosports.kz тілшісі атақты отандық ММА файтері Евгений Егембердиевке хабарласып, осы аптаға жоспарланған қос жерлесіміздің жекпе-жегі жайлы сөйлесті.

- Евгений, Сергей Морозов - Умар Нурмагомедов жекпе-жегінен не күтесіз?

- Менің ойымша, бұл жекпе-жек оңайға соқпайды, бірақ Сергейдің оны жеңуге толық мүмкіндігі бар. Өйткені Умар Морозов секілді мықтылармен әлі кездескен жоқ, оның бұған дейінгі қарсыластары әлсіз болды. Сергейді жақсы білетін адам ретінде, ол жеңіске жету үшін бәрін жасайды деп айта аламын.

- Букмекерлік кеңселердің пікірінше, бұл кездесуде ресейлік спортшы фаворит саналады. Сіз олармен келісесіз бе?

- Умар бұған дейін жеңілмегені үшін және фамилиясы танымал болғаны үшін ғана фаворит болып отыр. Әйтпесе, ол Сергейден мықты деп ойламаймын. Бірақ Хабибпен бірге жаттығатындығын ескерсек, ол партерде жақсы болуы мүмкін. Соған қарамастан, Морозов қандай төбелеске болса да жақсы дағдыланған спортшы.

- Екі файтер де UFC-де алғаш рет өнер көрсеткелі отыр. Бұл белгілі бір дәрежеде олардың жеңіске жету мүмкіндігін теңестіре ала ма?

- Менің ойымша, олардың мүмкіндігі бірдей - 50/50.

- 23 қаңтарда Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді, оның қарсыласы Амир Альбази. Сіз бұл жекпе-жек жайлы не ойлайсыз?

- Біз өте қызықты жекпе-жек көреміз. «Жако» әрдайым соңына дейін күреседі. Осы жолы да барын салады деп сенемін.

- Жерлесіміз атақты промоушен аясындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады. Психологиялық тұрғыдан алғанда, UFC-дегі екінші кездесуі қалай болады?

 - Жалғас бірінші жекпе-жекте жеңілді деп ойламаймын. Менің ойымша, Жалғас жеңілістен кейін жігерленіп, жеңіске жету үшін бәрін жасайды.

- Альбази күресуге мықты және партерде өзін суға жүзген балықтай сезінеді. Мұндай мәнердегі қарсыласпен кездесу «Жако» қиын болмай ма?

- Бұл жекпе-жек оңай болмайды деп ойлаймын. Бірақ «Жако» тік тұрып та, партерде де жақсы өнер көрсете алады. 

- Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы қалай жеңіске жете алады?

- Жалғас - Fight Nights чемпионы және UFC белбеуіне таласқан Тайсон Нэм, Али Багаутинов сияқты файтерлермен жекпе-жек өткізген. Оны жеңіске жетелейтін көптеген фактор бар, ең алдымен - жігер, төзімділік және мотивация. Сондай-ақ, Отанға деген сүйіспеншілік те оның жеңіске жетуіне ықпал етеді. Мен оған сенемін.

Арман Оспанов АҚШ-қа жұмыс визасын алды

UFC: «Сарбаздар аралындағы» турнирлерге көрермендер кіре алады

Octagon 15 турнирі 27 қаңтарда Алматыда өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или