Талдықорғандық балуандар бабына келіп қалды
Еркін күрестен Талдықорған қалалық жасөспірімдер құрама командасы облысчемпионаты мен республикалық турнирлерде жүлдегер атануды көздейді. Қазір балғын балуандар Жастар спорт сарайында қызу дайындық жүргізіп жатыр, деп жазады Prosports.kzтілшісі.
Қараша айында еркін күрестен жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты өтеді, деп жоспарланған. Сонымен қатар, желтоқсанда Қазақстан біріншілігі жалауын желбіретеді деп күтіледі. Осыған орай Талдықорғандық балуандар кілемде күш қарымын сынап, тәжірибесін жетілдіріп жатыр. Бапкерлер шәкірттерінің техникалық шеберлігін шыңдауына үлкен мән береді. Әдіс-тәсілдердің дұрыс орындалуын қадағалайды.
Бауыржан Төребаев
БАУЫРЖАН ТӨРЕБАЕВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАЛАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
«Қазір боз кілемде күресуге рұхсат берді. Біз бұл спорт залға 30 баладан кіргізе аламыз. Аяқ астынан жарыстар ұйымдастырылып қалуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап дайындық жүргезіп жатырмыз. Балалар толық дайын деп естептеуге болады. Өйткені, жақсылап жұмыс жасап жатырмыз. Күшейтілген жаттығу жүктемелерін бердік. Еркін күрестегі барлық әдіс-тәсілдерді қайталап, техникалық дайындығымызды күйшейтудеміз. Балалардың ешқайсысы жаттығудан қалмайды. Спортшылар кілемді сағынған. 4-5 ай далада дайындалды. Осыған байланысты үлкен құштарлықпен шеберлігін шыңдап жатыр».
Талдықорғандық жас балуандар республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернат-колледжіне жиі қабылданады. Өйткені, Алматы облысы орталығының өрендері республикалық сайыстарда жүлдегер атануды дағдыға айналдырған.
БАУЫРЖАН ТӨРЕБАЕВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАЛАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
«Жылда Талдықорғандық балуандар ішінен 2-3 бала Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанады. Сондықтан оларды бірден спорт интернаттарына жібереміз. Ол орталықтар қуана алады шәкіттерімізді. Арасынан болашақта әлем чемпионы шығатынына кәміл сенем».
Адияр Тәңірбергенов 5 жылдан бері еркін күресті серік етіп келеді. Республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Қазақстан біріншілігінде жүлдегер болып, спорт шеберіне үміткер атанды. Адиярды Қазақстандық еркін күрес шеберлері арасынан әлі күнге Олимпиада чемпионы шықпауы қынжылтады екен. Сондықтан бұл олқылықтың орнын толтырармын, дейді арманы асқақ жас балуан.
Адияр Тәңірбергенов
АДИЯР ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:
«Жақсы көретін өзімнің сүйікті әдісім аяққа өту және диірмен. Осы әдістер арқылы көптеген жарыстарда жеңіске қол жеткіздім. Қазірде сол әдістерді қайталап жатырмын. Қырқа шалу, жамбас иықтан асыра лақтыру тәсілдерін жетілдірудемін. Мен болашақта Олимпиада чемпионы болу үшін жаттығуда аянбаймын. Қиын әрине. Бірақ жаттығудан қандай жағдай болсын қалмауға тырысамын».
Балалар күніне бір рет 2 сағаттан дайындалады. Мамандар жас балуандардың Алматы облысының біріншілігімен республикалық жарыстарда жүлдегер атанарына шүбә кетлірмейді. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатында да үмітті ақтайды деп сенеді.