Жетісулық атлеттер жеңіс жолын оңай тауып жүр

Жетісулық атлеттер жеңіс жолын оңай тауып жүр

Жеңіл атлетикадан Алматы облысының құрама комадасы Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр. Айта кетейік, спортшылар әдеттегідей кеңейтілген оқу-жаттығу жиынында жүрген жоқ. Әр қайсысы жеке-жеке үйлерінде шеберліктерін шыңдауға көшкен,деп хабалайды Prosport.kz тілшісі.

Алматы облысында жеңіл атлетикамен тұрақты түрде 100-ге жуық адам айналысады.Нәтижелері де ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, биыл Токио Олимпиадасына спорттық жүрістен Айман Ратова жолдама алды. Ядроны серпе лақтырудан Иван Иванов жазғы ойындардың лицензиясына басты үміткер.

ЕРКЕН СЕПБОСЫНОВ

ЕРКЕН СЕПБОСЫНОВ

ЕРКЕН СЕПБОСЫНОВ, ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА  ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

« Айман Ратова карантиннын жұмсақ кезінде таулы алқапта орналасқан «Тау Жетісу» дене шынықтыру сауықтыру кешенінде 18 күндік оқу-жаттығу жиынында болып қайтты. Иван Иванов болса, Талдықорғандағы үйінде жыл басынан бері үйінде дайындық өткізіп жатыр.»

Жетісулық спортшылар Қазақстан чемпионтында топ жаруды көздеп отыр.Елішілік жарыс Алматы қаласында тамыз айына жоспарланған. Сонымен қатар  халықаралық турнирлерге қатысып, ел намысын лайықты қорғасақ, дейді. 

ЕРКЕН СЕПБОСЫНОВ, ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА  ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Алматы облысы құрама командасының мүшелер қазір нағыз бабында десем қателеспеймін.Мадина Керинова,Данияр Омарғали, Қанат Білімхан,Айбол Омар, Ернар Жұмамұратұлы, Ақбян Нұрмамет, Назым Қанатқызы, Анель Нұрмұхамбет,Тимур Баймұрат, Сәния Құдайберген, Николай Петров сияқты спорт шеберлерімен спорт шеберіне үміткер  атлеттерімізге сенім артып отырмыз. Қазір олар былтырғы нәтижелерін анағұрлым жақсартқан. Басты мақсатмыз Қазақстан чемпионатында бас жүлдені жеңіп алу.»

Жеңіл атлетиканың Олимпиада ойындарына кірген 50-ге жуық түрі бар. Жетісулық атлеттер соның орта және ұзақ қашықтыққа жүгірумен марафон жарысында Қазақстанда алдына жан салмайды. Олардың дайындығын үнемі қадағалаймыз, дейді бас бапкер. 

ЕРКЕН СЕПБОСЫНОВ, ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ  ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА  ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Обыс орталығынан қашық орналасқан ауыл – аймақта тұратын спортшыларға арнайы тапсырмалар береміз.Одан соң оның дұрыс орындалғанын  әлеуметтік желі арқылы тексеріп, дайындықтарын үнемі бақылауда ұстап отырамыз.Ал, Талдықорғандағы құрама мүшелерінің үйіне барып, жаттығуына қатысамыз. Кейде карантин ережедерін сақтай отырып, тауға шығып бірге дайындаламыз. Жазық жолдарда жүгіріп шыңдаламыз.»

Жерлестеріміз тамыз айында өтетін қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр. Басты мақсат ел құрамасына кіріп, Азия біріншілігінде ел намысын қорғау.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или