Беделді бокс шолушысы қазақстандық боксшыны Альвареске қарсылас атануы мүмкін екенін айтты

Беделді бокс шолушысы қазақстандық боксшыны Альвареске қарсылас атануы мүмкін екенін айтты

Boxingnews24.com сайтының спорт шолушысы Шон Джонс қыркүйек айында жоспарланған жекпе-жекте Мексиканың бұрынғы әлем чемпионы Джайме Мунгия мен оның отандасы Сауль Альварес арасындағы болуы мүмкін жекпе-жекті талдай отырып, жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының да (13-0 , 9 КО) атын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист бірнеше боксшының атын атай отырып, қазақстандық жекпе-жек шеберінің де атын атауды жөн көрді. Джонс негізінен Айдостың жеңілмегенін алға тартып отыр. 

Еске сала кетелік, 28 жастағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы - екінші орта салмақтағы (168 фунт) үш чемпиондық белбеу - WBC Asian, WBA International және WBO Global иегері. Айдос соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 21 желтоқсанында Красноярскіде өткізді. Сол кеште ол 8-раундта венесуэлалық Омар Гарсияны (15-3, 12 КО) жеңген еді .

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или