Антуан Гризманн өміріндегі ең маңызды адам. 2 бөлім!
Prosports.kz сайтында «Барселона» шабуылшысы Антуан Гризманның мансабына тікелей әсер еткен адам, оның әкесі Ален Гризманн туралы материалдар сериясы бастау алған болатын, бүгін жазбаның екінші бөлімі.
Гризманның бойы қысқа болғаны үшін оны академиялар қабылдамады. Баланың болашағы үшін тек әкесі күресті.
Антуанның бақытты балалық шағын уландырған жалғыз нәрсе - оның қысқа бойы. Ол әрқашан әріптестерінен кішірек болды. «Макон» жаттықтырушылары баланы үнемі дриблингі мен жылдамдығы үшін мақтап, бірақ негізгі құрамға ұзын бойлы балаларды шығаратын.
2004 жылы Антуан әкесі жаттықтырған U-13 командасына дейін жетті. Өз ұлының еңсесін көтеру үшін бапкер оны капитан етіп тағайындады. «Мен саған сенемін, балам. Сен осы командадағы ең мықты футболшысың», - деді ол. Әкесінің қол астында ойнап, шабыт алған Гризманн өміріндегі ең нәтижелі маусымды өткізді. Ол U-13 аймақтық лигасының 30 матчында 60 гол соқты.
Ален ұлының ойынында потенциал көріп, баласының мансабы үшін барын салу керек екенін түсінді.
2005 жылдың жазында ол Антуан үшін мықтырақ футбол мектебін іздей бастады. Аленнің сол кездегі басты арманы - баласын үздік академиялардың бірінен көру еді.
Әкесі мен ұлы «Сошо», «Сен-Этьен», «Метц», «Осер» клубтарына барды, алайда барлық академиялар олардын көңілін қайтарып тастады.
«Сент-Этьен» алаңды қар басуының себебінен ойыншыны қабылдай алмады, ал «Сошо» скауттары Гризманнды бойы үшін алғысы келмеді. Әдетте, Ален кезекті сәтсіз қаралымнан кейін ұлының көңілін аулауға тырысып, баласына жол бойындағы дүкеннен сүйікті тамағын алып беріп, Антуанның болашақ мансабы туралы қиялдап сипаттайтын. «Олар ештеңені түсінбейді. Сен ерекшесің, және сен ұлттық құрамада ойнайтын боласың!» - деген Ален.
«Мен өз-өзімді ұстауға тырыстым, жаттықтырушылардың мені қабылдамауының себебін іздедім», - деп сол кезді есіңе түсіреді Антуан. «Бірақ әр сәтсіздіктен кейін өзіме сенімді жоғалта бастадым. Менің ашуланғаным соншалық, келесі қаралымдарға барғым да келмеді, олардың маған қалай жауап беретінін алдын-ала білдім. Егер сол кезде папаның қолдауы болмаса, мен арманыма жете алмай, жолда қалатын едім».
«Метцтен» келген жауап Гризманның еңсесін одан сайын түсіріп жіберді.
Антуан, әдеттегідей, әкесімен бірге қаралымға келіп, Миралем Пьянич ойнайтын командаға қарсы матч өткізді. Академия директорлары - Муэ мен Перренге Антуан қатты ұнады. Баланың аласа бойына олар да күмәнданғанымен, Антуанға «Метцте» жұмыс күндерінде жаттығып, ал демалыс күндері «Макон» да доп тебуді ұсынды.
Антуан, әрине, бұл жәйтке қатты қуанып, үйге дейін алты сағат жолда тек «Метц» туралы айта берді. Алайда, оның қуанышы ұзаққа созылған жоқ - келесі күні «Метц» академиясы ұсынысын кері қайтарып алды. Антуанның бұл жаңалықтан кейін көз жасы тыйылмай, түні бойы жылап шықты.
Отбасы баланы жұбатуға асықты, бірақ бұл жолы оған ештеңе көмектеспеді. Бұдан кейін Ален кез-келген жолмен өз баласына командадан орын табамын деп, ашуланып Муэ мен Перренге қоңырау шалды. Әкесі академия директорларын бірнеше сағат бойы ойларын өзгертуге көндірді. Бірақ, сонда да, менеджерлер ойын өзгертпеді. Содан кейін Ален «Метцке» ашулы хат жіберді: «Менің баламның бойы қысқа деп ойлайсыздар ма? Болашақта не болатынын көреміз!» - деді ол.
Бірнеше айдан кейін ғажайып оқиға орын алды. Париждегі турнирде Антуанды испандық скаут Эрик Ольатс байқап, жігітке «Реал Сосьедад» академиясында қаралым ұйымдастырды. Нәтижесінде, кіші Гризманн клуб академиясына көптен күткен шақырту алды. 14 жастағы бала үйден 900 шақырымға кетіп, отбасын жылына бірнеше ғана рет көретін болды.
Әрі қарай не болғаның өздеріңіз де білесіз.
Материалдың екінші бөлімінің соңы. Соңғы бөлімі ертең шығады.
P.S. Жалғасын жіберіп алмау үшін блогқа жазылыңыз!
Автордың инстаграмы және телеграм каналы