Зейнетке шыққанша тазалаушы болып, баласы үшін барын салған Антуан Гризманның әкесі туралы жазба
Өткен жазда «Барселона» Гризманның трансферіне 120 миллион еуро төледі, бұл оның әлемнің үздік футболшыларының бірі екенің растады.
Антуан туралы ақпарат көп (мысалы, Netflix-тің керемет деректі фильмі), бірақ біз оның өміріндегі ең маңызды адам туралы ештеңе білмейміз.
Әдетте, футболшылардың ата-аналары агенттік ісіне кірісіп, клубтардан жаңа келісімшарт сұрап, БАҚ-та жанжал шығарып жатады. Бірақ футбол жұлдыздарының ата-аналары мүлдем басқаша бола алатынын ұмытып кетеміз.
Соның бір айқын мысалы - Антуанның әкесі Ален Гризманн. Ол әлі күнге дейін Франциядағы кішкентай балық аулайтын қалашықта тұрады. Ұзақ уақыт бойы көше сыпырып, еден тазалаған ол, қазір балаларды жаттықтырып жүр.
Әкесі Антуанға ағаштан қақпа жасап, «Лион» жұлдызымен кездесу ұйымдастырған
Антуан Лионнан 70 шақырым жерде орналасқан Макон қаласында дүниеге келген.
Әкесі қалалық кеңесте жұмыс істеген, соның арқасында оның отбасы (Антуанның үлкен әпкесі Мод және ағасы Тео) екі қабатты кең үйде тұрды. Ален де футболға құмар болған. Жас кезінде ол жергілікті «Макон» сапында ойнап, мансабын аяқтағаннан кейін клубтық мектептің 13 жасар ұл балаларын жаттықтыра бастады.
Гризманн әулетінің бас жұлдызы - Антуан. Бүкіл отбасы сүйкімді аппақ баланы ерекше жақсы көрді. Отбасында анасы Антуанға әрдайым алаңдап жүрсе, үлкен әпкесі Мод онымен әзілдесетін, ал Тео інісімен бірге күнде доп тебетін. Бірақ Антуанға ең маңызды қадам жасатқан - әкесі.
Ален баласының үнемі доппен ойнап жүргенін байқап, оған ағаш қақпа әзірлеп берді. Ол қақпа үйдің алдындағы баскетбол алаңында тұратын. Одан кейінгі екі жыл ішінде Антуан сол қақпаға доп теуіп, Теомен бірге-бір ойнайтын. Қазір сол жер Макондағы туристер арасында ең танымал нысан саналады.
Алаңның қазіргі жағдайы
Бала бес жасқа толғанда, Ален оны стадиондарға апара бастады. Олар «Марсельдің» және «Монпельенің» ойындарын бірге тамашалады.
Бірақ Антуанға ең ұнаған клуб - «Лион». «Жерланға» бір ғана сапар оны клубқа ғашық етті. Ол түсінікті де еді, себебі «Лион» 2003 жылы қатарынан екінші рет чемпион атанған.
Осы күннен бастап әкесі мен ұлы «Лионның» барлық ойындарын стадионнан тамашалай бастады, кейде Ален баласының көңілін қалдырмау үшін тіпті жұмысынан да сұранып кететін болған.
Антуанның «Лиондағы» сүйікті ойыншысы Сонни Андерсон еді. Гризманн бразилиялыққа еліктеуге тырысып оның плакатын төсегінің тұсына іліп қойды.
Балақай 10 жасқа толғанда, Ален баласына ойламаған жерден сыйлық жасады. Ол ұлын Андерсонмен кездестірді.
«Лионда» физиотерапевт болып қызмет ететін досы Патрик Перре арқылы Соннимен байланысқан. Бразилиялық футболшы Гризманн отбасы ұйымдастырған пикникке келіп, Антуанды туған күнімен құттықтады.
Андерсонмен тағы бір кездесу
«Мен Антуанды ешқашан осыншалықты бақытты күйінде көрген емеспін», - деп еске алады анасы Изабелла. - «Ол әкесімен онсыз да көп уақыт өткізді, бірақ бұл сыйлық оларды одан сайын жақындата түсті».
Гризманн, әрине, профи футболшы болуды армандады - бес жасынан бастап «Макон» академиясында жаттыға бастады. Антуан тіпті өзінің қиялдарын күнделігіне сақтап жүрген. Бір жазбасында журналистердің сұрақтарына жұлдыз ретінде қалай жауап беретінің баяндаған.
Бірақ арманның орындалуымен кейбір қиыншылықтар туындады.
Жалғасы бар…
P.S. Гризманн туралы материалдың жалғасын жіберіп алмау үшін блогқа жазылыңыз!
Автордың инстаграмы және телеграм каналы