Әлия Юсупова: Кейде қыздардың орнына кілемге шығып өнер көрсеткім келеді
Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Әлия Юсупова #ҮйдемізTeamKZ айдарының қонағы болды. Ұлттық Олимпиадалық комитеттің арнайы жобасының тікелей эфирінде бас бапкер елдегі көркем гимнастиканың жай күйі мен бапкерлік қызметі туралы айтып берді.
<span>– Егер маған «жаттыққан қиын ба, жаттықтырған қиын ба?» деп сұраса, жаттықтырған деп айтатын едім. Себебі, сен спортшы ретінде жаттығып жүргенде тек өзіңе жауап бересің. Өзіңнің бағдарламаңды орындап, өзің үшін жұмыс істейсің. </span>
<span>Ал жаттықтырғанда, бапкер болғанда сен командаға жауаптысың. Жауапкершілік, әр қайссының көңіл күйін сезініп, барлығының тілін табу керек болады. Құрамадан бір қыз кілемге шығатын кезде одан екі есе қобалжып, уайымдайсың. Сондай жағдайда, кейде, шәкіртіңнің орнына өзің өнер көрсетуге шыққың келеді, - дейді бас бапкер.</span>