Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі кейінге қалды

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі кейінге қалды

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы UFC туы астындағы алғашқы кездесуін Fight Night 171 турнирі аясында өткізуі керек еді. Бұл кеш 21 наурызда Лондонда (Ұлыбритания) өтеді деп жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты компания басшылығы жекпе-жек кешін АҚШ-та өткізуге шешім қабылдады. Рахмоновтың Америкаға визасы болмағандықтан, бұл кешке қатыса алмайды.

Бұл туралы Шавкаттың менеджері Саят Абдрахманов мәлімдеді.

- Өкінішке қарай, вирусқа байланысты Лондондағы турнир АҚШ-қа ауыстырылды. Шавкаттың жұмыс визасы болмағандықтан, оның жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы маған бір сағат бұрын хабарлады. Шавкат бұл туралы әуежайда білді, - деп жазды спортшының менеджері Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов - американлық атақты промоушенмен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық файтер. Ол бұған дейін 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или