Бокс

Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегін қай телеарна көрсетеді

Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегін қай телеарна көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

10 қараша күні Фресно қаласындағы Chukchansi Park аренасында (Калифорния, АҚШ) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) 39 жастағы тәжірибелі канадалық Альберт Онолунозамен (24-2-1, 8 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бокс жанкүйерлері бұл жекпе-жекті тікелей эфирде көре алады. «Хабар» телеарнасы сағат 08:00-ден бастап бокс кешін тікелей эфирде таратады.

Онолуноспен болатын жекпе-жекте Әлімханұлы орта салмақтағы WBC Continental Americaas тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін қорғайды.

Жәнібек соңғы рет рингке 17 тамыз күні шыққан болатын. Лос-Анджелесте (АҚШ) қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз канадалық боксшы Стюарт МакЛелланды 5 раундта нокаутқа жіберген еді (27-4-3, 11 КО).

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер