Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама бапкерінің есімі белгілі болды
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков ұлттық құраманың бас бапкері Ерлан Ыбырайымның қызметінен кетуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Не себепті Ерлан Ибраим күтпеген жерден ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті?
- Төтенше ештеңе болған жоқ. Ақпан айынан бастап ол бізде спорт директоры болып жұмыс істеді. Ибраим бас бапкер қызметін шілде айында бастады. Бастапқыда атқарушы комитеттің шешімімен біз оған бас бапкердің міндетін атқарушы болып жұмыс істеуге кеңес бердік.
Дохадағы Әлем кубогынан кейін біз команданың нәтижелеріне жан-жақты талдау жасадық. Ерлан Ибраимның өкілеттігін тоқтату атқарушы комитеттің шешімі болды.
- Ұлттық құраманың бас бапкері кім болады?
- 1 қарашадан бастап бұл қызметті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Дмитрий Карпов атқарады.
- Бапкердің шұғыл ауысуы спортшылардың Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындығына әсер ете ме?
- Бұл тек пайда әкеледі деп ойлаймын. Дмитрий Карпов - керемет спорт функционері, ол Қазақстандағы жеңіл атлетиканың жай-күйімен жақсы таныс.
Біздің алдымызда ұлттық құраманың спортшыларын даярлауға ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақты жаттықтыруға байланысты жауапты міндет тұр. Дмитрий Карпов тапсырманы өте жақсы орындайтынына сенімдімін.