Допингпен ұсталған кениялық атлет әйел ер адам болып шықты
Найробидегі ауруханалардың бірінде медбикелер полиция шақырған. Олар медбикенің киімін киіп, әйел адамның есімі жазылған бэйджик таққан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Құқық қорғаушылар оны бөлімшеге алып кетіп, құжаттарын тексерген - кениялық паспорт пен Шайз Чепкосгейдің атына жазылған медбике ID-і.
Тексеріс барысында Шайз ер адам екені анықталды. Ол бұрынғы марафоншы болып шықты, 2016 жылы Малайзиядағы жартылай марафоннан соң допингпен ұсталған болатын.
Оның қанынан тестостерон, андростерон мен этиохоланолон табылған екен.
Чепкосгей сол кезде 4 жылға жарыстардан шеттетілген. Енді ол өмір бойына шеттетілуі ықтимал.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или