Сарапшы Головкиннің ESPN өкілдерімен кездесуі туралы хабарлады
The Ring және FOX Sports басылымдарының журналисі Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің «ESPN» телеарнасының өкілдерімен теледидарлық келісім туралы қорытынды кездесу өткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Геннадий Головкин кеше ESPN өкілдерімен осы арнада өзінің жекпе-жектерін көрсету туралы кездесу өткізді. Бұл аталған арнамен және промоутермен соңғы кездесу болды. Осы уақытқа дейін өткен барлық келіссөздердің нәтижесі бойынша келесі аптада түпкілікті шешім қабылданады», - деп жазды <span>Коппинджер</span>.
Осыдан бұрын Головкин Лос-Анджелесте бір күнде өзге де хабар таратушылар - DAZN және Premier Boxing Champions (PBC) жобаларының өкілімен жолыққан болатын. Соңғы екеуі Showtime және FOX телеарналары үшін бокс кештерін өткізеді.
Sources: Gennady Golovkin held a meeting yesterday with representatives about fighting exclusively on ESPN. That was his final sit-down with a prospective network/promoter, and with them all completed, he’s expected to make a decision next week
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) 2 февраля 2019 г.