Қазақстандық теннисшілер француздық беделді жарыстарына жолдама ұтып алды.
Les Petits As (фр. кішкентай чемпиондар) атты беделді, ауқымды жарыстарға 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатыса алады. Осы жас категориясына сәйкес, осы жарыстардың Әлем чемпионатымен тең деңгейде өтетіндей дәрежесі бар. Ол әдетте, Француз елінде жабық корттарда, жыл сайын өткізіліп тұратын жарыстар. Қазақстан осы жарыстарға бірден 2 жолдама ұтып ала алды.
Айта кететін жағдай, Les Petits As турниріне Қазақстан үшін бірінші іріктеу жарыстары, Asia play - off қарсанында 19 қазанда Табро қаласында өткен болатын.
Ең мықты көрсеткіштер көрсеткен елдердің бірі - Индия делегациясы. Ол финалға бірден 4 ұлдар жіберетін болса, қыздар арасында 3 орын иеленген Сингх, өзін жолдамамен қамтамасыз етті. Жалпы алғанда, Индия делегациясы Франция елінде өтетін жарыстарда бірден 5 спортшыларымен көрінбек.
Ал енді, Қазақстан құрамысына келетін болсақ, қыздар арасында біздің Сандуғаш КЕНЖЕБАЕВА финалға жетіп, Тайбэй еліне 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ, бұған қарамастан өзін жолдамамен қамтамасыз ете алды. Ал, ұлдар құрамасына келсек, отандасымыз Ерасыл ЕРДІЛДӘ үшінші орынға таласта үндістандық спортшысын 4:6, 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, жолдама жеңе ала алды.
Жалпылай келе, Азия делегациясы Les Petits As жарыстарына 9 спортшы жібермек. Айта кететін жағдай, Француз елінде 2019 жылдың 17-27 аралығында өтетін жарыстарда Қазқстан құрамасы Азия делегациясының намысын қорғайтын болады.
Осы Asia play - off жарыстарын қорытындылайтын болсақ, Қазақстан құрамасының маңызды жарыстарға дайын екенін байқай аламыз. Ал, ендеше спортшыларымызға тек жеңіс тілейміз!