Испания – Ресей: Он жыл бұрынғы матч қайталана ма
Әлем чемпионаты. 1/8 финал
1.07.2018. 20.00
Испания – Ресей
Бұл жұптың фавориті испандар екені айдан анық. Бұл жігіттер әлем чемпионы атағына басты үміткерлердің бірі. Сондықтан, менің пікірімше, бұл ойында Пиреней түбегінің өкілдері сенімді жеңіске жетеді. Бірақ турнир қожайындары да бұл ойында қарап қалмас. Сондықтан, испаниялықтардың қақпасына тым болмаса бір гол соға алады деп ойлаймын.
Осыдан он жыл бұрын Еуропа чемпионатында Испания Ресеймен екі рет кездескен. Топтық кезеңде 4:1, жартылай финалда 3:0 есебімен жеңген-ді. Бүгін де алаңнаң жеңіссіз қайтпайды.
Менің болжамым мынадай – Испания жеңіске жетеді. Бұл бәске коэффициент аз ұсынылғандықтан, мен бәсімді түрлендіруді жөн шештім. Меніңше, екі құрама да гол соғуы тиіс.
Бәс: Екі команда да гол соғады және Испания жеңеді – 3.25 коэффициент