RomaSport
Другие

«Altay athletics» клубы швейцариялық брендпен тесттік келісімге келді

 «Altay athletics» клубы швейцариялық брендпен тесттік келісімге келді
news-banner7
mobile-news-top

Елімізде ең алғаш құрылған «Altay athletics» кәсіби жеңіл атлетика спорт клубы швейцариялық On Running брендімен клуб спортшыларына аяқ-киім жеткізу туралы серіктестік орнатты.

Аталмыш On Running бренді өндіріс саласындағы көшбасшылар ішіндегі ең жас компания. Мұның негізі 2010 жылы Цюрих қаласында қаланды. Айта кетейік компания іргетасын дуатлоннан екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы швейцариялық Оливье Бернард және оның серіктестері салған. Бүгінде On Running аяқ-киімдерін әлемнің 25 еліндегі 1200-ден астам дүкеннен алуға болады.

Тесттік серіктестік осы жылдың 1 маусымынан басталады. Келісім сәтті жалғасқан жағдайда, On Running аяқ-киімдерін жеткізу үшін демеушілік жағы негізгі келісім күшіне енбек.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың ортасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының күш салуымен Қазақстандағы тұңғыш «Altay athletics» кәсіби спорттық жеңіл атлетика клубы құрылды. Клуб мүшелерінің құрамына Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова енді. Айта кетейік, клуб қоржынында Ольга Рыпакованың Гаухар Лигасында жеңген алтын медалі, Каролин Кипкируидің күміс медалі мен Нора Джирутоның қола медалі бар. Сондай-ақ, клубқа республика чемпионы, аймақтың жас спортшылары, спорт шеберлері Варвара Назарова мен Артур Гафнер енді. Сонымен қатар, ҚР жеңіл атлетикасының дамуына серпін беру үшін, клубтың алғашқы бастамасына шет елдік спортшалар шақыртылды. «Altay athletics» үлгісі еуропалық жетекші клубтардың бірі, 94 жылдық тарихы LC Zurich клубының үлгісі бойынша жұмыс істемек. Клубтың басқарушысы 30 жылдан астам әртүрлі халықаралық спорттық ұйымдарда жұмыс атқарған Гвидо Тоньони болып табылады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии