Ақтөбеліктер Азия чемпионы Нұрислам Санаевты салтанатты түрде қарсы алды

Ақтөбеліктер Азия чемпионы Нұрислам Санаевты салтанатты түрде қарсы алды

Ақтөбе жұрты Азия чемпионы Нұрислам Санаевты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды prosports.kz ақтөбелік басылымдарға сілтеме жасап.

27 ақпан - 4 наурыз күндері аралығында Бішкек қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2018 жылғы Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Ақтөбе облысынан 3 спортшы қатысып 2 алтын, 1 қола медальдарын жеңіп келді.
Ақтөбе спортының тарихында алғаш рет 61 келі салмақта еркін күрестен Нұрислам Санаев Азия чемпионы атанды. Соңғы рет облыста Азия чемпионы болып 2004 жылы бокстан Галиб Джафаров атанған болатын, арада 14 жылдан соң Нұрислам сол жеңісті қайталады. Осы жеңісінің нәтижесінде 2018 жылы 18 тамыз - 2 қыркүйек аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін XVIII Жазғы Азия ойындарына жолдама алды.

Сонымен қатар, Мейрамбек Айнағұлов 63 келі салмақта грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды және Айжан Исмағұлова 58 келі салмақта грэпплингтен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Айта кететін жайт, қарсы алушылар қатарында Ақтөбе күрес мектебінің ардагерлері де бар. Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Жұмаш Ізбасаров та бар.

«Менің қуанышымда шек жоқ. Осынша халық мені қарсы алғанына ризамын. Менің жеңісім – жергілікті спорт басқармасы мен барлық бапкерлерім және спарринг-серіктесерімнің еңбегі.

Алда бізді жаңа жарыстар күтіп тұр. Осы жағдайды пайдалана отырып, жергілікті балуандардың үзбей және толыққанды жаттығу өткізуін қамтамасыз етіп отырған №4 спорт мектебінің директоры Болат Енсепбаевқа алғыс білдіргім келеді», - деп сөзін түйіндеді Нұрислам Санаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или