Допинг-офицерлер кенеттен Олимпиада жүлдегерін тексерді

Допинг-офицерлер кенеттен Олимпиада жүлдегерін тексерді

WADA өкілдері Пхенчхандағы ресейлік спортшыларды қатаң бақылауға алды, деп хабарлайды ресейлік басылымдар.

Бүгін мәнерлеп сырғанаудан 15 жасар ресейлік спортшы Алина Загитованы допинг-офицерлер жаттығу үстінен тексеріске алып кетті. Нәтижесінде, жас спортшы жүйке тоздырар жағдайға тап болғандықтан зәрін тапсыра алмаған.

Естеріңізге салайық, кеше ресейлік керлингші Крущельницкидің допинг-сынамасынан мельдоний іздері табылған болатын.

Айта кетсек, Алина Загитова Пхенчхан төрінде командалық сайыста күміс жүлдегер атанды. Ал жекелей сында алтынға үміткер мәнерлеп сырғанаушылар қатарында. Алина не бәрі 15 жаста болғанымен Еуропа чемпионы, көптеген гран-при жарыстарының жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или