Норвегиялықтар Пхенчханға өзімен 6000-ға жуық дәрі арқалап келді

Норвегиялықтар Пхенчханға өзімен 6000-ға жуық дәрі арқалап келді

Пхенчханға жеткен Норвегия құрамасынан астмаға қарсы қолданатын 6000-ға жуық препарат табылды, деп хабарлайды prosports.kz.

Естеріңізге салайық, 2017 жылдан бері Бүкіләлемдік допинг агенттігі (WADA) сальбутамол дәрісін қолдануға шектеу қойған болатын. Яғни, спортшыларға бір тәулікте тек 1600 микрограмм ғана қолдануға рұқсат етілген.

Скандинавиялық спортшылар өздерімен бірге симбикорттың 1800, альвесконың 1200 дозасын арқалап келген. Сонымен қатар, олардың дәрі қорабында <span>сальбутамол мен атровент,</span> 360 мөлшердегі вентолин болған. 

Айта кететін жайт, препараттар тек сау спортшыларға арналған. Астма ауруымен ауыратын құрама спортшылар тек өздерінің <span>дәрі қобдишасындағы </span>дәрілерін қолданады.

Мартин Йонсруд Сундбю - шаңғы спортынан үш дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы.

2016 жылдың жаз айында норвегиялық шаңғышы Мартин Сундбю сальбутамолды шектен тыс қолданып басы дауға ілінген. Нәтижесінде WADA спортшыны екі айға спорттан шеттеткен еді.

Марит Бьорген (оң жағында) - шаңғы спортынан алты дүркін Олимпиада, 18 рет әлем чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или