Футбол

ШҚО-да футбол, волейбол, хоккей ойындарынан көпкезеңдік ШҚО Чемпионаты басталды

ШҚО-да футбол, волейбол, хоккей ойындарынан көпкезеңдік ШҚО Чемпионаты басталды
news-banner7
mobile-news-top

19 аудан мен қала мектептерінде ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен көпкезеңдік чемпионат басталды. Өскемен қаласының мектептерінде өткен жарысты ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов тамашалады.

  • Аймақ басшылығының тапсырмасына сәйкес бүгін облыста ұлдар арасында футболдан және қыздар арасында волейболдан Чемпионат басталды. Алғашында мектепішілік жарыс мектепаралық жарыспен кейін аудандық жарыс болып жалғасын табады, – деді Асқар Можанов.

Осылайша, балалар алғашында мектеп ішінде жарысса, кейін мектепаралық және ауданаралық жарыстарға қатыспақ. Ең бастысы сол, чемпионат барысында ең мықты ойыншылар іріктеліп алынады. Облыстық жарыстардан үздік танылған спортшылар Шығыс Қазақстан облысының намысын ҚР Чемпионатында қорғайтын болады.

Түпнұсқасы: Баспасөз қызметі Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер