Басқа

ШҚО-да регбиден ел Чемпионаты басталды

ШҚО-да регбиден ел Чемпионаты басталды
news-banner7
mobile-news-top

ШҚО-да регбиден ХІХ Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды. Өскеменде осымен екінші рет өткізіліп отырған сайысқа 7 облыстан командалар келген.

Айта кетсек, аталмыш ойын жоғарғы лиганың ерлер және әйелдер командалар арасында өтуде. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан спортшыларды қолдауға келген жанкүйерлердің қарасы да аз емес.

– Биылғы жылы облысымызда екінші рет өткізіліп отырған регбиден ел чемпионаты біз үшін үлкен мақтаныш. Өткен жылдан қарағанда биыл қатысушылардың да саны артқан. Бүгінгі жарысқа өз аймақтарыңыздың намысын қорғап, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін, – деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Жарас Сағадиев.

Айта кетсек, ШҚО намысын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы қорғамақ.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер