Қазақстандық биатлоншы қыз Ресейдің намысын қорғамақ

Қазақстандық биатлоншы қыз Ресейдің намысын қорғамақ

Павлодарлық биатлоншы Арина Пантова Ресейге көшіп, жаңа маусымнан бастап Түмен облысының атынан шығады.

2016 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы құрамасын ауыстыру туралы шешімге қалай келгенін түсіндірді.

«Бұл оқиғаны түсіндіріп өтсем, дұрыс болар. Менің құрама ауыстыруым ақшаға байланысты емес! Аяқ астынан шығарылған шешімді түсіндіру – оңай. Осында әкемді жұмыс істеуге шақырды. Бар болғаны осы. Бұл жақта бәсекелестіктің жоғары болуы өзіме пайдалы. Жүгіру қызық болады. Ал Қазақстанды жақсы көрдім, жақсы көре беремін де. Ол туралы жаман ештеңе айтқан емеспін», - деп жазды 18 жастағы Арина Пантова Инстаграмда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или