Күдікке ілінген бапкер шетелге қашты ма?
Бейресми ақпараттарға сүйенсек, синхронды жүзуден 19 жыл бойы ұлттық құраманы жаттықтырған Жанна Демченко өз еркімен қызметтен кетіп, шетел асты.

Штаттық спорт дирекциясына жақын адамдардың хабарлауыша, бас жаттықтырушы 2017 жылы 20 ақпан күні жұмыстан босатылды. Алайда, ДШНК ұйымының ресми өкілдері бұл жайында тіс жармай отыр. Айта кетейік, бапкердің жұмыстан кетуіне бірнеше себеп түрткі болды. Біріншісі бұрынғы шәкірттерінің ашық хаты болса, екіншісі жаттықтырушының үстінен қозғалған қылмыстық іс болуы ықтимал.

Демченко Жанна Генадьевнаның үстінен бір жарым жыл бұрын қылмыстық іс қозғалған екен. Кейіннен ол іс қылмыстың құрамы болмағандықтан жабылған. Енді тексеріс қайта жанданды.
Демченко Жанна Геннадиевна 1969 жылы 8 қыркүйек күні Ресейдің Новосібір қаласында дүниеге келген. Қазақстан ұлттық құрамасын 1998 жылдын бері жаттықтыруда. Сонымен қатар, Fina ұйымының А дәрежелі төрешісі. Бапкерлік қызметінде Жанна Геннадьевна Қазақстан құрамасымен мақтан тұтарлық жетістіктерге қол жеткізді деуге негіз жоқ.

Ол құраманы бірнеше дүркін Азия ойындарының қола жүлдегері қылған. Сонымен қатар, халықаралық жарыстарда да топ жарған. Алайда 19 жылда мақтан тұтып айтатын маңызды алтын медаль әкелмеген.

Prosports.kz тілшісі мән-жайды анықтау үшін Демченко Жанна Геннадьевнаға бірнеше рет хабарласқан. Алайда, бапкер жауап қатпай, сұхбат беруден бас тартып қашқақтады.

Мән-жайдан хабарлар адамның айтуынша, Демченко қазір шет елде жүр. Ал құзырлы органдар тергеу барысы жайлы ақпаратты құпияда ұстауда.
Естеріңізге салайын, синхронды жүзуден ұлттық құраманың бұрынғы мүшелері Әйгерім Исаева, Әйгерім Жексембинова, Амина Ермаханова, Айнұр Керей-Баймаханова, Арна Тоқтаған былықтар туралы ащы шындықты айтып Су спорты федерациясының президенті Тимур Құлыбаевқа ашық хат жолдаған.