русский язык

Қазақстан медаль есебі бойынша 18-ші орында

Қазақстан медаль есебі бойынша 18-ші орында

Рио Олимпиадасының екінші сайыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы медальдар есебі бойынша 18-ші орынға түсті.

Айта кетейік, кеше қазақстандық спортшылар ел қоржынына жүлде сала алмады. Әзірше еншімізде дзюдошылар әкелген бір күміс (Елдос Сметов) пен бір қола (Отгонцэцэг Галбадрах) бар. Осылайша, Қазақстан 18-ші орынға түсіп қалды.

Медальдар есебі бойынша көш басында 3 алтын, 5 күміс және 4 қола алған АҚШ құрамасы тұр - 12 медаль. Қытай екінші орында - 8 медаль (3-2-2). Үздік үштікті Аустралия түйіндеді - 6 медаль (3-0-3).

Жалпы алғанда, бүгінгі дейін 29 ел Рио Олимпиадасынан жүлде алып үлгерген.

Бүгін қазақстандық спортшылардан кімнің өнер көрсететін мына жерден қарай аласыздар. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;