русский язык

Венгриялық жүзуші Олимпиадада әлемдік рекордты жаңартты

Венгриялық жүзуші Олимпиадада әлемдік рекордты жаңартты
Венгриялық Катинка Хошсу Рио-де-Жанейродағы  Олимпиада ойындарында 400 метр қашықтыққа кешенді жүзуде әлемдік рекордты жаңартып, алтын медальға ие болды.
 
ҚазАқпараттың хабарлауынша, бағдарламаның бұл түріндегі жаңа рекорд 4 минут 26,36 секундты құрайды. Бұрынғы рекорд иесі қытайлық Е Шивень, ол Лондондағы Олимпиада ойындарында орнатылды - 4 минут 28,43 секунд.
 
Күміс медальға америкалық Майя Дирадо (4.31,15),  қолаға испаниялық Мирея Бельмонте Гарсия (4.32,39) ие болды.
 
400 метр қашықтыққа құлаштап жүзу бойынша австралиялық Мак Хортон топ жарды. Ол 3 минут 41,55 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орында қытайлық Сунь Ян (3.41,68), үшінші орында италиялық Габриэле Детти (3.43,49).
 
400 метр қашықтыққа кешенді жүзу жарысында жапониялық Косуке Хагино жеңді. Ол 4 минут 6,05 секунд көрсеткішімен мәреге жетті. Екінші орында америкалық Чейз Калиш - 4.06,75. Қола медальға 4.09,71 көрсеткішімен тағы бір жапониялық Дайя Сето қол жеткізді.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;