русский язык

Елисеева бесінші орын алды

Елисеева бесінші орын алды

Бүгін Рио Олимпиадасында ауыр атлеттер алғашқы медальдарды сарапқа салды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еліміздің намысын Маргарита Елисеева қорғаған. Зілтемірші қыз жұлқа көтеруде 80 келіні бағындырса, серпе көтеруде 106 келіні мойындатты. Қос жаттығу бойынша 186 келіні көтерген Елисеева бесінші орын алды.

Бұл салмақта алтын жүлдені таиландтық Сопита Танасан еншіледі - 200 (92+108) кг. Екінші орынды индонезиялық Сри Вахьюни Агустиани алды - 192 (85+107). Үздік үштікті жапон қызы Хироки Мияке түйіндеді - 188 (81+107). 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;