русский язык

Рио Олимпиадасына қазақстандық зілтеміршілердің екінші тобы аттанды

Рио Олимпиадасына қазақстандық зілтеміршілердің екінші тобы аттанды

Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында сегіз зілтемірші еліміздің намысын қорғайды. Бүгін спортшылардың екінші тобы Рио-де-Жанейроға ұшып кетті, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

Қазақстандық ауыр атлеттер Карина Горичева, Жазира Жаппарқұл және Ниджат Рагимов жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Рио-де-Жанейроға ұшып кетті.

Карина Горичева – 63 келі, Жазира Жаппарқұл – 69 келі, ал Ниджат Рагимов 77 келі салмақта сынға түседі. Жазира Жаппарқұл – әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, Рагимов — 2015 жылғы әлем чемпионы.

Мұның алдында Бразилияға зілтеміршілер Маргарита Елисеева ( 48 кг) мен Арли Чонтей ( 56 кг) аттанды. Сондай-ақ байрақты бәсекеге Қазақстан атынан Фархат Харки (62 кг), Денис Уланов (85 кг) және Александр Зайчиков (105 кг) қатысады.

Олимпиадада сынға түсетін спортшыларымыздың жарысқа қатысу кестесі:

6 тамыз — Маргарита Елисеева;

7 тамыз — Арли Чонтей;

8 тамыз — Фархат Харки;

9 тамыз — Карина Горичева;

10 тамыз — Жазира Жаппарқұл, Ниджат Рагимов;

15 тамыз — Александр Зайчиков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;