русский язык

Елімнің және елбасының үмітін ақтауға тырысамын - Руслан Жапаров

Елімнің және елбасының үмітін ақтауға тырысамын - Руслан Жапаров
Төрткүл дүниедегі басты спорттық бәсекеде биыл қазақтың туын алып шығатын тхэквондошы Руслан Жапаров Бразилияға кетерде Prosportkz.kz тілшісіне сұхбат берді.
 
- Руслан, сен қазақтың көк туына жауаптысың, мойыныңа ауыр жүк түсті. Дегенмен, бойыңнан қобалжу байқалмайды. 
 

- Көңіл күйім жақсы, жарысқа толықтай дайынмын. Елімнің және елбасымның үмітін ақтауға тырысамын. Спортшыларға қолдау көрсету маңызды, бізге жанкүйер болыңыздар!

- Рио-де-Жанейрода алып шығатын байрақ өзіңмен бірге ме, ұйымдастырушылар сол жерде ұсына ма? 
 
- Ту мен киім Бразилияда. Олимпиаданың ашылу салтанаты алдында ұлттық киімді киіп байрақты көтеремін. Киімнің дизайны керемет екен, көңілден шықты. 
 
- Жарыс жөнінде... Басты қарсыласың кім болады деп ойлайсың? 
 
- Алдын ала дөп басып айту қиын. Менің сеткамда әзірбайжандық спортшы, белорус, кәріс, ұлыбританиялық және Габон елінің өкілі бар. Әзірбайжандық тхэквандошымен бірінші кездесуді өткіземін.
 
- Cоңғы кезде допинг дауы деген басымызға "бәле" болды. Ол жөнінде уайымдамайсың ба?
 
- Несіне уайымдаймын? Еш қиындықсыз өтемін (күледі). 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;