русский язык

Әділбек Ниязымбетов: «Риодан абыроймен оралу үшін барымды саламын»

Әділбек Ниязымбетов: «Риодан абыроймен оралу үшін барымды саламын»

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ProsportKz.kz тілшісіне Рио Олимпиадасына дайындығы жайлы айтты. 

 

- Риоға қалай жеттіңіз, алғашқы әсеріңіз қандай?

- Риоға біз 28-шілде күні жеттік. Алған әсерім жақсы. Осыдан кейін де жақсы болып қалады деп ойлаймын. 

- Команданың көңіл-күйі қандай?

- Көңіл-күй тамаша. Біз Риоға не үшін келгенімізді білеміз және өзіміздің ең үздік боксымызды көрсетуге дайынбыз. 

- Сіз тәжірейбелі спортшысыз. Бұл сіздің екінші Олиимпиадаңыз. Лондонда сіз күміс алдыңыз. Осы жолы финалда кеткен есені қайтару керекпін деген ой жоқ па?

- Лондонда болғанды көп ойламаймын. Ойымның бәрі осы жерде, Риодағы рингте. 

- Жалпы команданың дайындығы қандай?

- Сіздер білесіздер, біздің бас бапкер жолға шығар алдында Президентпен кездесті. Біздің бапкер артылған үмітті ақтап, елді ұятқа қалдырмаймыз деп уәде берді. Біз де еліміздің бізге үмітпен қарап отырғанын білеміз. Ел намысын абыроймен қорғау үші барымызды саламыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;