русский язык

Берік Әбдрахманов: «Негізгі қарсыластарымды білемін»

Берік Әбдрахманов: «Негізгі қарсыластарымды білемін»

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Берік Әбдрахманов ProsportKz.kz тілшісіне Рио әсері мен жаттығу барысын жайлы айтты.  

- Жергілікті ауа-райына үйрендіңіздер ме? Алдағы жекпе-жектерге дайындық қалай жүріп жатыр?

- Келгеннен кейін алғашқы екі-үш күнді демалысқа арнадық. Көп ұйықтап, ұзақ жолдан кейін өз қалпымызға келдік.  Ерте тұрып, ерте жаттық. Төрт-бес күн өткеннен кейін біздің топ жергілікті уақыт айырмашылығы мен ауа-рауфна үйренді. Қазір біз күніне екі уақыт жаттығу жасаймыз. 

 

- Жаттығу бәсеңдігі төмен бе?

- Жоқ. Қазақстандағыдай жаттығып жүрміз. Бүгін жаттығуды бастағанымызға екінші күн. Таңертең бойжазамыз. Сағат 11-де 30 минуттық жаттығу жасаймыз. Негізгі жаттығу жұмыстары сағат 5-те басталады. 

 

- Негізгі қарсыластарыңызды білесіз бе?

- Білемін. Кейбіреуін рингте көрдім, кейбірімен танысып та үлгердім.

 

- Қазіргі тұрып жатқа жерлеріңіздің жайы қандай? Кейбір шетелдік делегациялар өмір сүру жағдайына шағымданған болатын. 

- Біздің пәтерлер таза. Үнемі тазалық жұмыстарын жасайды. Өмір сүруге қажеттінің бәрі бар. Кейбір үйлерде су ағып, кішігірім мәселелер орын алғанын білемін. Бірақ бізде ондай болған жоқ. 

 

- Жергілікті тағамдар ұнады ма?

- Әрине, біздікіндей болмайды (күлді), бірақ ештеңе етпейді. Ақырындап үйреніп келеміз. 

 

- Өздеріңізбен бірге ештеңе әкелмедіңіздер ме?

- Қазы, құрт, қымыз алдық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;