русский язык

Рио-де-Жанейродағы шығанақ Олимпиада қарсаңында БАҚ өкілдерін шошытты

Рио-де-Жанейродағы шығанақ Олимпиада қарсаңында БАҚ өкілдерін шошытты
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына екі күн қалды, ал Бразилия бірқатар уәдесін орындамады. Триатлоннан, желкен спортынан және видсерфингтен жарыс өтетін Гуанабара шығанағы бұған дайын емес.
 
Өткен аптада қайтыс болған біреудің қолы да табылыпты. Батыс БАҚ-тары Риодағы шығанақтың лас суының суреттерін жариялап жатыр. 
 
Тengrinews.kz порталының мәлімдеуінше, жергілікті тұрғын Луис Гольдфельд USA Today басылымына шығанаққа апта сайын тонналап қоқыс төгілетінін айтып берді. Қаланың орталық бөлігінен келетін үлкен құбырдан күн сайын жуынды-шайындылар төгіледі екен. Бразилиялық дәрігерлер спортшыларға жарыс кезінде көз бен ауызды жауып жүруге кеңес беріп отыр.  
 
Желкен спортынан жарыстарға арналған жағалау дауылдан кейін қирап қалған.
 
 
 
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;