русский язык

Ауыр атлетиканы Олимпиада ойындарынан алып тастауы мүмкін – Давид Ригерт

Ауыр атлетиканы Олимпиада ойындарынан алып тастауы мүмкін – Давид Ригерт

1976 жылы Монреальда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы ресейлік зілтемірші Давид Ригерт Ауыр атлетиканың алдағы тағдыры жайлы айтып берді.

«Өткен жылдары бұл мәселе көтерілген болатын. Қазір Олимпиада ойындарына енгісі келетін жаңа спорт түрлері көбейіп жатыр. Бірақ Олимпиада бағдарламасында бос орын жоқ. Сондықтан, Ауыр атлетиканы Олимпиада ойындарынан алып тастауы әбден мүмкін. Бұған себеп, соңғы допинг даулары», - деді Ригерт «Спорт-Экспресс» басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы Ресей құрамасын Рио-дағы Олимпиада ойындарынан шеттеткен болатын.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;